17:58, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Семейде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өрт сөндіру ісінің екі ғасырлық тарихына арналған көрме ашылды
СЕМЕЙ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өрт сөндіру ісінің екі ғасырлық тарихына арналған көрме ашылды.

Өлкетанушы және жазушы Виктор Кашляктың мәліметтері бойынша, ежелгі Семей қаласында өрт қызметінің 205 жылдық тарихы бар. Алғашқы өрт сөндіру командасы мұнда 1804 жылы құрылған. Ал басқа қалаларда мұндай қызмет жарты ғасырдан кейін ғана пайда болды.
Көрмеге қойылған 400-ден астам материалдар мен суреттер өрт сөндіру қызметінің тарихын және оның ардагерлері туралы баяндайды.
Көрмені ұйымдастырушылардың бірі өрт сөндіру-техникалық қызметінің аға маманы Наталья Рыкованың әңгімесіне қарағанда, өрт сөндіру қызметінің ардагері Александр Рыковтың жеке коллекцияларының арасында 19-ғасырдың ортасында шығарылған медаль бар. Император Александр ІІ бұл медальмен оны зардап шеккендерді құтқарғаны үшін марапаттаған.