Семейде оралмандарға көмек көрсету орталығы құрылады

СЕМЕЙ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – «Нұрлы көш» республикалық бағдарламасының аясында және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Семейде оралмандарға көмек көрсету орталығы құрылатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгінгі күні Семейде Қытайдың, Моңғолияның және Өзбекстанның түрлі аймақтарынан көшіп келген 387 репатриант отбасы тұрып жатыр. Көп жағдайларда олар құжаттарды рәсімдеуде және түрлі анықтама қағаздарын алуда проблемаларды бастан кешуде. Сонымен қатар, көшіп келгендердің барлығына жуығы тілді білмегендіктен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға ұшырап отыр.Оралмандарға көмек көрсету орталығы қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда атамекенге оралған қазақтарға туындаған барлық проблемаларды шешуде көмектесетін болады.Мекеме Семей қалалық әлеуметтік бейімдеу және тұрғылықты жері белгісіз адамдарды құжаттандыру орталығының үйінде орналасатын болады.
Соңғы жаңалықтар