18:01, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Семейде өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды
СЕМЕЙ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласының мемлекеттік өрт қызметі және төтенше жағдайлар басқармасы мамандары өрттің көбеюіне және онда адамдардың қаза болуына алаңдаушылық білдіруде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2009 жылдың басынан бері қалада 82 өрт болды, 5 адам қаза болды. Бірнеше семейлік елеулі жарақат алды. Өрт салдарынан келген зиян 1 миллион 300 мың теңгеден асады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі айлығын жариялады. Оның барысында қаланың жеке секторы мен пәтер иелері кооперативтерінде өрт қауіпсіздігі шаралары жандана түспек.