Семейде өткен ұлттық қолданбалы өнер туындыларының жәрмеңкесіне ресейлік шеберлер де қатысты

СЕМЕЙ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Бекжан батырдың 300 жылдығына арналған бірінші аймақтық көрме-жәрмеңке өтті.
None
None
Бұл шараны демеушілердің қолдауымен «Айша бибі» қазақ мәдени орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Айша бибі» орталығы көрмеге қатысуға тек жергілікті шеберлерді ғана емес, Шығыс Қазақстанның Курчатов, Зырян, Бесқарағай, Қатонқарағай аудандарынан және Ресей аймақтарынан 20-дан астам шеберді, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының қолданбалы өнер бөлімінің мамандарын шақырды. Жәрмеңкеге келушілердің назарына қазақтың кесте тігу, кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу сияқты дәстүрлі өнерінің туындылары, сондай-ақ ыдыс-аяқтар мен музыкалық аспаптар таныстырылды. Жәрмеңке ұлттық қолданбалы өнер білгірлерінің үлкен ықыласын аударды.
Соңғы жаңалықтар