16:38, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Семейде өткен жас ақындардың айтысы Жеңістің 65 жылдығына арналды
СЕМЕЙ. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ұлы Жеңіске арналған жас ақындардың айтысы бүгін Семейде өтті.
Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы он төрт жас ақын шеберліктерін шыңдай отырып, кезінде өздеріндей жаста майданға аттанып немесе тылда тыным таппай еңбек еткендердің ерліктерін жырлады.
Барлық қатысушылар ШҚО сегіз ауданында өткен осындай байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ Семейдегі қалалық ақындар орталығының тәрбиеленушілері.
Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған жеңімпазы семейлік ақындар орталығының оқушысы Айбек Молдабеков болды. Бас жүлде ретінде оған қаланың ЖОО-ларының бірінде тегін оқу гранты берілді.