12:48, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Семейде республикалық Сабантой мерекесі өтті
СЕМЕЙ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Семейдің табиғаты тамаша Полковничий аралында республикалық Сабантой мерекесі өтті.
Татар диаспорасы кеңінен тойлайтын дәстүрлі мереке көңілді және қызықты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіСабантой көп қонақтарды жинады. Көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына арналған мерекеге Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников жұбайымен, Үрімші қаласының татар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Әйзел Мәлік, сондай-ақ игі дәстүр бойынша Қазақстан мен Ресейдің Алматы, Астана, Омбы, Том және тағы басқа қалаларындағы татар диаспораларының өкілдері келді. Республикалық Сабантойдың алдында татар өнерінің «Ертіс моннары» халықаралық фестивалі және түркі-татар халықтарының тарихына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.