Семейде саябақта үй өртеніп, екі адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласында «Восточный» саябақ кооперативінде түнде тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында иіс тиіп қаза тапқан екі адамның мүрдесі табылды. Олардың кім екені анықталуда, деп хабарлады ТЖ департаменті баспасөз қызметінен.
None
None

29 қазанда таңертеңгі сағат 11-де жедел жәрдем ауруханасына термикалық күйіктермен (денесінің 12 пайызы) 40 жастағы ер адам жеткізілді деген хабарлама түсті. Тұрақты тұратын жері жоқ ер адам травмотология бөліміне жатқызылды.

Зардап шегушінің айтуынша, ол өрт сөндірушілер сөндірген үйде түнеген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум