11:19, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Семейде Шығыс Қазақстан медициналық радиологиялық кластерін құру қажеттілігі туралы шешім қабылданды
СЕМЕЙ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Шығыс Қазақстан медициналық радиологиялық кластерін құру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Семей мемлекеттік медициналық университетінде өткен қалалық және облыстық медициналық мекеме басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша мәлім етілді.
Медициналық кластердің құрамына: бас мекеме- «Мемлекеттік медициналық университет», еншілес кәсіпорындар - «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, «Аймақтық онкологиялық диспансер» МҚК кіретін болады.
Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің, Семей әкімдігінің, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының, облыстың медициналық мекемелерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.