19:46, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Семейде татар өнері фестивалі мен республикалық сабантой өтеді
СЕМЕЙ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде татар өнерінің Х халықаралық фестиваль-байқауы өтеді. Сондай-ақ оның аясында «Түркі татарлары бүгінгі әлемде: өткені, қазіргі жай-күйі, даму жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция жоспарланып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Фестиваль Абай атындағы облыстық драма театрында өтеді. Оның бағдарламасында пианиношылар, мәнерлеп оқушылар, әншілер, аспапшылар, хор ұжымдары байқауы өтпек.Ғылыми-практикалық конференция жұмысына ғалымдар және ТМД елдері мен алыс шетелдерден татар диаспорасының өкілдері қатысады деп күтілуде. Татар фестивалі мамырдың 29-ында ашылып, мамырдың 31-інде республикалық сабантой мерекесімен аяқталады.