Семейде Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге әзірліктің барысы талқыланды

СЕМЕЙ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласы әкімдігі бөлімдері мен мәслихатының өкілдері Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге әзірліктің барысын талқылауға арналған кеңес өткізді.
None
None

Барлық мерекелік шаралар қалада арнайы құрылған комиссияның бақылауымен өтеді, оның құрамында қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, ішкі істер, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, мәдениет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің мамандары бар.

Кеңесте ұсынылған мәліметтер бойынша, мамырдың 9-ына дейін 51 соғыс ардагеріне жаңа пәтерлер берілмек. 300-ден астам майдангерлердің пәтерлеріне жөндеу жүргізіледі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімінің өкілдері кеңеске қатысушыларға ардагерлердің ТМД елдеріне баруына және біржолғы жәрдемге қанша қаржы бөлінетіні туралы баяндады.

«Біздің міндетіміз -осы даңқты мерекеге әзірлік барысында барлық мәселеге мұқият назар аудару болмақ. Соғысқа қатысқан бірде-бір майдангер ескерусіз қалмауы тиіс», - деді қала әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

Соңғы жаңалықтар