Семейде жаңа жылу электр орталығы қашан салына бастайды — әкім жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Семейде жаңа жылу электр орталығын салу бойынша жедел жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыс Берік Уәли мәлім етті. 

Семейде жаңа жылу электр орталығы қашан салына бастайды — әкім жауабы
Фото: Дәурен Жұмағалиев

— Семей қаласының оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы бар (146,99 Гкал). Бұл мәселені шешу үшін Президенттің жаңа жылу электр орталығын салу туралы тікелей тапсырмасы бар. Осы мақсатпен әкімдіктің, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен жобалаушының қатысуымен жедел жұмыс тобы құрылды, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Өңір басшысының ақпаратына сәйкес, қазір ЖЭО салынатын құрылыс алаңы мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды (қаланың сол жағалауы, Степной кентінің ауданы). 

— Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Жылу қуаты — 1000 Гкал, электр қуаты — 360 МВт болады. Құрылыстың 1-ші кезеңін пайдалануға берудің болжамды мерзімі 2029 жылдың 3-ші тоқсаны. Жоба аясында экологиялық тұрғыдан қолайсыз және қуаттылығы төмен қазандықтар жабылады, — дейді ол.

Абай облысында жыл соңына дейін 10 ауыл интернетке қосылады

Сондай-ақ Берік Уәли Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге 500 гектар жер бөлінетінін мәлім етті

Айта кетсек, жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады

Сонымен қатар облыс әкімі Алакөлдің туристік және инвестициялық әлеуетіне қатысты түсінік берді

Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл Абай облысында инвестиция тарту 103,1 пайызға өскен

Соңғы жаңалықтар