Семейде жас өлкетанушылар форумы өтті

СЕМЕЙ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласындағы 23 мектептің 6-11-ші сыныптардың оқушылары тарихи-өлкетану конференциясына қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шараны облыстық өлкетану мұражайы, «Ертіс жағалауы» өлкетанушылар қоғамы және «Жас жұлдыз» демалыс орталығы ұйымдастырды. Конференция қорытындысы бойынша оқушылардың 10 үздік жұмысы іріктеліп, олар мақтау қағаздарымен атап өтілді. Мектептер мен мұражайлар және өлкетанушылар мұндай шараларды бірлесіп өткізуді дәстүрге айналдырулары керек, деп санайды тарих мұғалімдері. Себебі баяндамалар дайындау барысында оқушылар өлке тарихы бойынша терең білім алып, өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум