Семейде жаяу жүргінші автокөліктің астына түсіп, мерт болды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Семей қаласында «Тойота» автокөлігі жаяу жүргіншіні басып кетіп, жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жасар азаматша оқиға орнында көз жұмды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға қазан айының өткен 31-де Әуезов көшесіндегі №114 «А» үйінің ауласында сағат 18:15-те орын алды.

Осы күні сондай-ақ Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Шахар-Молодецкое автожолының 22 шақырымында «Опель» автокөлігі аударылып,  машина жүргізушісі оқиға орнында жан тәсілім етті, ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысы Қордай ауданының Алматы-Ташкент автожолының 186-шы шақырымында «Субару» және «Ауди» көліктерінің соқтығысуы салдарынан, екінші көліктің жүргізушісі көз жұмып, 4 жолаушы түрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар