19:35, 05 Мамыр 2009 | GMT +5
Семейде Жол картасы ауқымында мектептер, интернаттар және балабақшалар жөндеуден өтеді
СЕМЕЙ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Дағдарысқа қарсы Жол картасы бойынша 2009 жылы Семейдің жалпы білім беретін мектептерін жөндеуге қаржы бөлінді, ол өткен жылдары бұл мақсатқа қарастырылған қаржыдан едәуір көп,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық білім бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, биыл Семейде 26 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Мектептерді, интернаттарды және балабақшаларды күрделі жөндеуге 263,3 миллион теңге бөлінді.