18:41, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Семейде Жол картасы ауқымында жүзден астам білім беру нысандары жөнделеді
СЕМЕЙ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Жол картасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша жүзден астам білім беру нысандары жөндеуден өтеді. Олардың ішінде – 10 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 59 мектеп, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған интернат және басқа да нысандар бар,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жөндеу жұмыстарына 2 715 адам тартылады. Жол картасы мәліметтер базасына сәйкес оқу орындарын жаңа оқу жылына әзірлеуге кәсіпорындар мен ұйымдардан босаған адамдар, сондай-ақ толық емес жұмыс күні кестесімен еңбек ететіндер, жалақысы сақталмай демалысқа жіберілгендер тартылады. Мектеп кабинеттерін сырлау және әктеу жұмыстарына оралмандар мен оқу орындарының түлектері өтініш білдірді. Мектептерді жөндеу жақын күндерде басталмақ.