Семейде «Жол картасы» бағдарламасының отыз жобасы қаражатты үнемдеу есебінен іске асырылды

СЕМЕЙ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін 2009 жылы қайта жаңартуға, ағымдағы жөндеуге және күрделі жөндеуге жататын нысандарға енгізілген 205 жоба анықталған болатын.
None
None

 Олардың ішінде 59 нысан облыстық бюжеттен қаржыландырылды.

Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Жанат Нықышевтің хабарлауынша, желтоқсанның 21-індегі жағдай бойынша 203 нысанда жұмыстар аяқталған, олардың 30-ы қаражатты үнемдеу есебінен іске асырылған.

«Жол картасы» бағдарламасының іс-қимылы кезінде аймақта жұмыс берушілер 5 419 адамды қабылдады, ол жоспарланған жұмыс орнын құрудың 93,9 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар