Семейде Жол картасын жүзеге асыру аясында 73 білім ошағы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары анықталды

СЕМЕЙ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Жол картасын жүзеге асыру аясында 73 білім ошағы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары анықталды.
None
None
Семей қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Жанат Никушевтің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Жол картасын жүзеге асыру аясында 73 білім ошағы бойынша мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары анықталып отыр. Бұл мердігерлер ғимараттарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аймақтың 16 мектебінде жалпы құрылыс жұмыстарын атқаруға, жылу, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жөндеуге, шатырды жамау, бірқатар мектептердің асханаларын жөндеу сияқты жұмыстарға өткізілген лоттарды жеңіп алды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің қаулысына сәйкес, тендерді жеңген кәсіпорындарға еңбекпен қамту бөлімдері ұсынатын кандидатуралардың 80 пайызын жұмысқа жалдау туралы міндетті шарт қойылып отыр. Ж.Никушевтің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс беруші-мердігерлердің 35-і Жол картасын жүзеге асыру аясында құрылған 413 жұмыс орнына өтінім беріп отыр. Жол картасын жүзеге асыру аясында өңірде барлығы 4 187 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар