19:57, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Семейде жұмыспен қамту мәселесі шешілуде
СЕМЕЙ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде 2009 жылы 1000 жаңа жұмыс орыны ашылып, 500 маман қайта даярлықтан өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамту туралы тапсырмасы Семей аймағында кешенді түрде шешімін таппақ. Семейде арнайы штаб құрылды, ондағы мақсат кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда мамандардың заңсыз жұмыстан босатылуына бақылау жүргізу. Семейде жыл басынан бері 327 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда.Еңбекпен қамту орталығы оқу бітірген жас мамандарға көмек көрсетуге талпыныс жасайды. Өйткені, онда уақытша болса да басқа кәсіпті игеруге жол ашық. Мамандар дайындау, қайта дайындау және біліктілікті көтеруге арнап, биыл бюджеттен 18 млн, теңге бөлінді. Орталыққа жыл басынан бері 600 адам өтініш берген. Мұнда оқыту 22 мамандық бойынша жүргізіледі.