Семейдің өрт сөндірушілері оқушылармен патриотизм сабағын өткізді

СЕМЕЙ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласының өртке қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері ескі дәстүрді жалғастыра отырып,
None
None

көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернатта «Қазақтың ұлттық рухы дегеніміз не?» деген тақырыпта іс-шара өткізді.

Құтқарушы Қайрат Шаймұратов, өзінің «Белый» атты иісшіл итімен келген кинолог Константин Ульянов, апаттар медицинасының дәрігері Қанат Секербаев балаларға өз қызметтері туралы әңгімелеп берді. Слайдтар көрсетіле отырып, айтылған әңгіме қызықты және өте әсерлі болды.

«Құтқарушы мен кинолог-маманның қөрсеткен көріністері, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөніндегі тәжірибелік сабақ, өрт сөндіру қызметінің тарихынан айтылған әңгіме ұл-қыздардың жадында көпке дейін сақталатыны сөзсіз», - дейді төтенше жағдайлар басқармасының аға маманы Айгүл Мирсейітова.

Соңғы жаңалықтар