20:04, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Семейдің жоғары сынып оқушылары нысана көздеуден Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған жарыстар өткізді
СЕМЕЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Семейдегі алғашқы әскери даярлық орталығында қыздар арасында нысана көздеуден Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске түсіруге арналған жарыстар өтті.
Бұл жарыстар 8 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді. Жоғары сыныптардың оқушылары 20 команда құрамында нысана көздеуде, автоматты тез жинау-құрастыруда ғана емес, алғашқы медициналық көмек көрсетуде де ілкімділік танытты.
Командалық жеңіске №40 жалпы білім беретін мектептің оқушы қыздары жетті.