Семейліктер Наурызды дүркіретіп тойлауда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар қаланың Орталық алаңында, Әуезов алаңында, «Жаңа Көктем» сауда үйі, «Кең сарай» мейрамханасы, Силикат зауыты жанында өтті, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан.
None
None

Қала әкімі А. Кәрімов пен ШҚО немістерінің «Возрождение» бірлестігінің төрағасы Л. Гончарук қалалықтар мен қала қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Мерекені өткізу орындарында киіз үй қалашықтары салынып, театрландырылған мерекелік қойылымдар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, қолөнер бұйымдары, суретшілер туындыларының көрме-саудасы, балалар аттракциондары ұйымдастырылды. Қалалықтар мен қала қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Қала жастары алғаш рет киіз үй тікті. «Жастар орталығы» КММ, «Қазақстан жастарын қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының «Жас Отан» ЖҚ, «Семей қаласы студенттер альянсы» корпоративтік қоры бірлесе отырып, концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Орталық алаңда құрылған «Жастар» киіз үйінде мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар, наурыз көже ұсынылды. Кешк сағат 20.00-де Орталық алаңда ұйымдастырылатын мерекелік концерт сағат 22.00-де от шашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар