Сен өзіңді Президент қамқорлық танытып отырған елдің шынайы азаматы ретінде сезінесің - Елбасы шыршасына қатысушы

ТАРАЗ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Президенттік шыршада болғаным үшін мен өзімді бақытты санаймын, - деп ағынан ақтарылды 10 жасар Әйгерім Қойшыбекова.
None
None

 - Сен өзіңді Президент қамқорлық танытып отырған, біздің болашағымыз туралы ойлайтын, біздердің Қазақстанның лайықты азаматы болып өсуімізді қалайтын - елдің шынайы азаматы ретінде сезінесің».

Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында 150 балаға арналған Президенттік шырша өтті. Облыстық білім басқармасының бастығы Дүйсебек Әбдрайымовтың айтуынша, олар - ата-аналарының қарауынсыз қалған және жетім балалар, мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-аналары мүгедек балалар.

Мерекенің басты оқиғасы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне-құттықтауы болды. Мемлекет басшысы балаларды құттықтай отырып, келешекте өз елдерінің лайықты азаматтары болып өсулері үшін оларды жақсы оқуға шақырды. Көп ұлтты Қазақстанда барлық ұлттың адамдары тату-тәтті және келісіммен өмір сүріп отырғанын айрықша атады.

Жаңажылдық мерекеге балалармен бірге Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев та қатысты.

Жаңажылдық мерекенің соңында балалар президенттік сыйлықтар - жылы киімдер, спорт костюмдерін, аяқ киімдер, тәттілер алды. Тәтті тағамдар қойылған дастарқан ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар