Сенат Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселесіне қатысты құжатты қабылдады

Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтің айтуынша, заң жобасының мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Хаттамада 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің күшін ұлттық қарулы күштермен қатар өзге де әскерлерге, әскери құрылымдарға, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерге қолдану көзделеді.
Отырыс барысында аталмыш құжатты жан-жақты талқылаған депутаттар оны бірауыздан қабылдау қажет деген шешім қабылдады. Сенаторлар сонымен қатар жалпы отырыста Мәжіліс мақұлдаған "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы, екінші хаттаманы ратификациялау туралы" да заң жобасын қабылдады.