Сенат «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша займ туралы келісімдерді ратификациялады-ККМ

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «ЦАРЭС (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта салу жобасын жүзеге асыру үшін займ алу бойынша
None
None

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында ноталармен алмасу түрінде Келісімді ратификациялау туралы», «ЦАРЭС (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта салу жобасы бойынша Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында займ туралы Келісімді ратификациялау туралы» және «(Көлік дәлізі ЦАРЭС 1 (Жамбыл облысындағы учаскелер), (Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі) Инвестициялық жоба 3) Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы займ туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын ратификациялауды қарастыру бойынша пленарлық отырыс болып өтті.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты қаралған үш жобаны да бекітті.

Осы қаражаттар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз жобасын жүзеге асыру шеңберінде Жамбыл облысында жалпы ұзақтығы 118 км болатын үш жол учаскесін (Құлан ауылынан айналып өту жолы, Отар - Благовещенка, Қордай - Қарасу) қайта салу жұмыстарына жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум