Сенат депутаттары Тәжікстанға өтеусіз көмек көрсету жөніндегі құжатты қарауға кірісті

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп,
None
None

онда «Қазақстан үкіметі мен Тәжікстан үкіметі арасындағы өтеусіз әскери көмек көрсету жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Қорғаныс вице-министрі Болат Сембиновтың сөзіне қарағанда, заң жобасының мақсаты - Тәжікстан Республикасына өтеусіз әскери көмек көрсету болып табылады. Келісім Тәжікстанға минаіздеуіш, химиялық барлау құрылғылары, сардарларға қажетті құралдар мен санитарлық зембілдерді, газдан қорғайтын құралдарды беру мәселелерін реттейді.

Аталмыш келісім 2009 жылдың қараша айының 10-ында жасалған. Заң жобасын депутаттар Сенат отырыстарының күн тәртібіне енгізді.

Соңғы жаңалықтар