Сенат депутаты Египеттегі лауазымды тұлғаларды IV діни форумға қатысуға шақырды

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев Египеттің Жоғары имамы, Шейх Аль-Азхар Ахмед Мұхаммед ат-Тайебке және Уақыптар (ислам істері жөніндегі) министрі Мұхаммед Абдель Фадель Аль-Каусиге IV діни
None
None

форумға қатысуға арналған Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің жеке шақыруын Каирде табыс етті.

Кездесу барысында египет жағы толеранттық пен діндер арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізудегі Форумның рөлін жоғары бағалады және діни лидердер Съезінің аясында біздің елімізбен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін жеткізді.

Египет Араб Республикасы Ұлттық жиналысы (Парламенті) Халықаралық байланыстар комитетінің төрағасы Исам аль-Ариянмен кездесу кезінде О.Рахманбердиев оны сайлаудың табысты өтуімен және Парламенттің жаңа құрамының қалыптасуымен құттықтады.

Сенатор сондай-ақ Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының сайлауы қорытындылары, Президент Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында белгіленген міндеттер туралы египет депутатына әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар