Сенат ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын құруға бағытталған заңды қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
None
None

Аталған келісім 2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеу қаласында Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған. Құжат медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыру мақсатында ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді. Бұл ретте келісім күшіне енгеннен бастап, уәкілетті орган Одақ шеңберінде айналысқа шығарылатын медициналық бұйымдарды ЕАЭО белгілейтін тәртіппен тіркеуге тиіс. ЕАЭО аясында қолданылатын медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігі медициналық бұйымының тіркелу фактісін растайтын құжат болып табылады әрі құжат мерзімсіз болады.

Медициналық бұйымдар Одақ шеңберіндегі айналысқа шығарылу алдында ортақ нарықтағы медициналық бұйым айналысының арнайы белгісімен міндетті түрде таңбаланады. Медициналық бұйымдарды таңбалауға, айналыстың арнайы белгісін түсіруге қойылатын талаптарды және оның ережесін Комиссия бекітеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения, кейін Қырғыз Республикасы қосылды.

Соңғы жаңалықтар