Сенат комитеті Қазақстан мен Испания арасындағы ұстап беру туралы шартты талқылады

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда сенаторлар «Қазақсан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Шарт тараптардың құзыретті органдары арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін сот үкімін орындауды жүзеге асыру үшін іздеудегі адамдарды беру мәселесі бойынша қарым-қатынастарды реттейтін болады. Құжаттың қабылдануы екі мемлекет арасында қылмыскерді ұстап беру рәсімінің жақсаруына сеп болады.

Бұл ретте тараптар жазбаша сұрау салу бойынша бір-біріне өздерінің аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беруге міндеттенеді. Заң жобасында ұстап беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген. Жалпы алғанда, шартты ратификациялау екі тарапқа адамдарды ұстап беру мәселелерінде бірыңғай келісілген саясатты әзірлеуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы ұстап беру рәсімін жақсартуға мүмкіндік береді. Құжат алдағы уақытта өтетін Сенаттың жалпы отырысына шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар