Сенат комитетінде Нахчыван келісімі талқыланды

А. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда комитет мүшелері «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Аталған келісімге Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында 2009 жылғы қазанның 3-інде қол қойылған. «Жақын этникалық негіздерді, тіл мен дін, ұқсас мәдениет пен дәстүрлерді негізге ала отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының басымды бағыттарының бірі түркі тілдес мемлекеттермен ынтымақтастық болып табылады. Түркі тілдес мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы Қазақстанның жан-жақты теңдестірілген сыртқы саясаты қағидаттарына сәйкес маңызды саяси қолдау ресурсын береді. Бұндай ынтымақтастық жалпы, 1992 жылы құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің саммиті аясында жүзеге асып келеді. Кейінірек, бұның 9 саммиті өтті. Бұдан бөлек, осы бағытта бірқатар түркі тілдес елдерінің ынтымақтастығын қамтитын институттар да қызмет етеді. Алайда, ынтымақтастық үдерісі осы мемлекеттер басшылары деңгейінде жалпы саяси құрылымды құру қажеттігін көрсетті. Осыған орай, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттер кеңесін құру туралы бастама көтерген болатын. Осыған орай, Нахчыван қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттерінің 9-ы саммитінде осы кеңесті құру туралы келісім жасалды», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев.

Комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар