Сенат спикері алдағы діндер съезіне жоғары дәрежелі қытай діндарларының қатысатына сенім білдірді
Сондай-ақ спикер, діни форумды өткізу туралы Қазақстан бастамасына Қытай тарапының қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.
Жүздесу барысында Қазақстанның көптеген халықаралық форумдарға бастама жасағанына тоқталған спикер Қайрат Мәми, бұл ретте елімізде қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының оң бағытына тоқталып өтті. «Бүгінгі таңда Қазақстанның дінаралық диалог пен толеранттықты қолдаудағы оңтайлы тәжірибесі көптеген шетел мемлекеттері мен халықаралық құрылымдар тарапынан мойындалып та отыр», - деген Төраға, форум аясында ҚХР-дағы діни ұйымдар өкілдерінің бұдан былайғы өзара табысты іс-қимылды өрістетуіне және алдағы Съездің жұмысына жоғары дәрежелі қытай діндарларының қатысатына сенім білдірді.
Бұдан бөлек, екі мемлекеттің көп тұрпатты ынтымақтастығына қатысты Қ.Мәми:«Қазақстан Қытаймен Азиядағы өзара сенім және іс-қимыл шаралары кеңесі (АӨСШК) аясындағы ынтымақтастыққа ерекше маңыз береді», - деп атап өтті. Төраға осыған байланысты, АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыруда Кооперативтік қадамды іске асыруға қытай тарапының қосылуын, сондай-ақ ҚХР-дың жекелеген сенім шараларының үйлестірушісі немесе тең үйлестіруші ретінде кіру мүмкіндігін қарастыру жайында айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының төтінші Съезіне әзірлік үстінде. Осынау ауқымды шара 2012 жылдың мамыр айында Астанада өтеді деп жоспарланып отыр.