Сенат спикері Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасымен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тараптар стратегиялық әріптестік деңгейінде табысты дамыған көптарапты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын қанағаттандықпен атап өте келіп, парламентаралық байланыстардың нығайғаны мен депутаттардың, палата комитеттері мен депутаттық топтар арасындағы байланыстардың кеңейгеніне тоқталды.
«Біз көптарапты Қазақстан-Ресей қатынастарының бөлінбес бөлшегі болып табылатын Федерация Кеңесімен байланысты дамытуға зор маңыз береміз», деді Қ.Тоқаев.
Төраға Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Сергей Мироновты ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.
Аймақтық қауіпсіздікті нығайту және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасу барысында С.Миронов алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіндегі біздің еліміздің ролі зор екенін атап өте келіп, осы Ұйымның мәселелерін шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының көптеген бағыттарын Ресей Федерациясы бөлісетінін айтты.
С.Миронов сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың дамуын жоғары бағалап, парламентаралық байланыстарды бекемдеу қарқынын атап өтті.