Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Чехия Президенті М.Земанмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
None
None

Қ.Тоқаев мәртебелі мейманды Қазақстанға нәтижелі сапарымен құттықтады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Чехия қатынастарының ауқымды мәселелері және халықаралық саладағы өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасылды.

Сенат Төрағасы парламентаралық қатынастардың қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдіріп, жүздесушіні Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Чехия Президенті Қазақстан Парламентінде қаралып жатқан, біздің елімізбен ынтымақтасатын мемлекеттерге ресми көмек көрсетуге байланысты қатынастарды құқықтық реттеуге арналған «Дамуға ресми көмек туралы» заң жобасына ықылас білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа сатысына өте отырып, көмек көрсетуді халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бөлігі ретінде санайтынын атап өтті. «Шет мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға Президент Н.Назарбаевтың өзінің атсалысуы ықпалдастықты үдетуге ықпал етеді», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы ретінде Қ.Тоқаев М.Земанды 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге әзірлік туралы хабардар етті. «Съезд діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы үнқатысуына арналатын болады. Тараптардың бір-бірін тыңдауды үйрегені - ең маңызды мәселе», - деді Қ.Тоқаев.

Чех Президенті ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшік пен келісімнің қазақстандық үлгісін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар