Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев Түркияның Қазақстандағы Елшісі Л. Үлкерді қабылдады
Төраға Л.Үлкерді оның елші болып тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметте табысты болуына тілектестігін білдірді. Барлық деңгейдегі байланыстардың қарқындылығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев парламентаралық үнқатысудың одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Парламент Сенатында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ынтымақтастық тобы құрылды, Түркия-Қазақстан достық тобының табысты қызметі де екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Биылғы қазанның 7-10-на Түркия Парламентінің Төрағасы Мехмет Али Шахинның Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отыр. Төраға бұл сапар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі белсенділендіруге жаңа серпін береді, деп атап өтті.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Түркияны терең тамырлы мәдени-тарихи қатынастар байланыстырады. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Ыстамбұлдағы саммитінің табысты нәтижелері туралы атап өте келіп, Л.Үлкер Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді және түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесін құрудағы Н.Назарбаевтың рөлін атап өтті.