Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының елшісі Рамульдас Козыровичюсті қабылдады

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының елшісі Рамульдас Козыровичюсті оның біздің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазіргі кездегі қалыптасқан Қазақстан-Литва қатынастарының белсенділігін атап өте келіп Қ.Тоқаев парламентаралық ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына тоқталды.

Сенатта Литва Сеймімен ынтымақтастық тобы жұмыс істейді. Литва Республикасының жоғары заң шығару органында да қазақстандық парламентшілермен достық және ынтымақтастық тобы қызмет етеді.

Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-дағы жоғарғы лауазымы алдағы жылы Литваға берілетін болады. Ұйымның қазақстандық төрағалығының басымдықтары жайында айта келіп төраға Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясына қолдау білдіргені үшін Литва басшыларына ризашылық білдірді.

«Екіжақты қатынастарды одан әрі белсенділендіру үшін елдерімізде барлық жағдайлар жасалды, жоғары саяси деңгейде делегациялар алмасылып, мемлекетаралық байланыстар қарқынды түрде дамып келеді», деп атап өтті Р.Козыровичюс.

Дипломаттың айтуынша, «Литвада біздің елімізге ұдайы назар аударатын және ықылас танытатын Қазақстан мен оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйластықпен қарайды».

Қазақстан мен Литваны ортақ тарихымыз бен өзара мүдделестік және тату көршілестік дәстүрлеріне негізделген ұзақ жылдарғы достық пен ынтымақтастық байланыстырады,-деп атап өтті Р.Козыровичюс.

Елшінің пікірінше, Кеден одағының құрылуымен экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық ауқымды мәселелер бойынша екі мемлекеттің белсенді іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Соңғы жаңалықтар