Сенат Төрағасы Катар Мемлекетінің Елшісін оның өтініші бойынша қабылдады

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Катар екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
«Біздің еліміз Қазақстан мен Катар арасындағы саяси үнқатысуды одан әрі ілгерілетуге ерекше маңыз береді», - деді Төраға.
Қ.-Ж.Тоқаевтың пікірінше, өзара сауда-экономикалық іс-қимылды белсенді өрістетуге екі мемлекеттің зор әлеуеті бар.
Төраға Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ны, 2011 жылы ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесін басқаратыны туралы елшіні хабардар етті.
Алдағы жылғы мамырда Алматыда «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» трансазиялық парламенттік жиынын өткізу жоспарланып отыр.
Үстіміздегі жылы жазда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезі конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі Қазақстан бастамаларын ілгерілетудегі тағы бір қадам болды.
Төраға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен Катар жиыны - Дінаралық үнқатысулар жөніндегі халықаралық мәслихат арасындағы байланыстарды қалыптастыруды жақтайтыны жайында айтты.