Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесті

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында Палата Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға Сенат басшысының шақыруы бойынша ресми сапармен келген ҚХР Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қ. Мәми Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуде бұл сапардың маңызды екенін атап өтті.

- «Біз Қытайдың ХӨБЖ Тұрақты комитеті Төрағасының Қазақстанға алғашқы ресми сапарын екіжақты қатынастар тарихындағы өзара тиімді, оның ішінде парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа меже ретінде бағалаймыз»,-деді төраға.

- «Біздің елдеріміздің өзара іс-қимылы жоғары деңгейге жетті»,-деді Сенат Төрағасы және ол «онда екі мемлекеттің басшылары Н. Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның еңбегі зор», деді.

Кайрат Мами Қ. Мәми атап өткендей, Қазақстан Президентінің ақпан айындағы Қытайға мемлекеттік сапарында және ҚХР Төрағасының биылғы маусым айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапарында стратегиялық әріптестіктің келешегі зор жаңа бағыттары белгіленді.

Саяси үнқатысуды одан әрі кеңейтуге және өзара сенімді нығайтуға парламентаралық байланыстардың зор әлеуетін атап өте келіп, Қ. Мәми «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының заң шығарушы органдары арасындағы парламенттік достық топтары, салалық комитеттер мен аппараттар арасындағы жүйелі байланыстар деңгейіндегі ынтымақтастықты белсенділендіруді» жақтайтыны туралы айтты.

- «Бұл заң шығармашылығы ісінде тәжірибе алмасуға, екіжақты байланыстардың ауқымды салалары бойынша маңызды келісімдерді мезгілінде ратификациялауға, бір-бірімізден көбірек үйренуге мүмкіндік береді», деп атап өтті төраға.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты екіжақты қатынастардың бөлінбес буыны ретінде атай келіп, төраға соңғы он жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 12 еседен асып түскенін айтты.

Сенат Төрағасы Президент Н. Назарбаевтың халықаралық бастамаларына қолдау білгені үшін қытай жағына ризашылығын білдірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясындағы ҚХР-дің діни ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылдың табысты екенін атап өте келіп, төраға діни лидердердің 2012 жылғы мамырда Астанада болатын төртінші конгресінің жұмысына қытайдың діни қауымдастығы белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді.

Қ. Мәми сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін осы халықаралық ұйым аясында өткізу туралы Н. Назарбаевтың ұсынысына назар аударды.

- «Халықаралық беделді ұйымдар деңгейіндегі өзара іс-қимылды біздің елдеріміз табысты жүзеге асырып келеді»,-деді Қ. Мәми және ол ШЫҰ мен АӨСШК аясындағы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының маңызды екеніне назар аударды.

Өз кезегінде У Банго Діни лидерлер конгресін БҰҰ аясында өткізу туралы Қазақстан басшысының бастамасына қолдау білдірді.

Қытай Халық Республикасының құрылғанына таяуда 62 жыл толуына байланысты Сенат Төрағасы ХӨБЖ Тұрақты комитетінің Төрағасын құттықтады және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға тілектестігін білдірді.

Мәртебелі мейман өз кезегінде жылы шырайлы кездесулерге байланысты алғыс айтып, «Қазақстанға көптен күткен алғашқы сапарында» көргендері шынайы таңданыс туғызатынын және «ол халықтың Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен қол жеткізген тарихи ерлігінің дәлелі» екенін жеткізді.

У Банго - «Қазақстан алдағы уақытта өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді»,- деді У Банго, - «сіздердің елдеріңіз өзінің даму жолын тапты, оны қазіргі кезде «Қазақстан жолы» деп атайды»,-деп атап өтті.

Қазақстан барлық салаларда жоғары табыстарға қол жеткізді, «сіздердің елдеріңіздің халықаралық салада маңызды және ауқымды рөлі бар», деді Қытайдың ХӨБЖ Тұрақты комитетінің басшысы.

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 20 жылда екі мемлекет арасында, У Банго айтқандай, «қарқынды және байыпты қатынастар орнады, біздің елдеріміз лидерлерінің арасында жиі байланыстар мен пікірлесулер жалғасып келеді. Өзара саяси сенімнің жоғары деңгейі жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа, сапалы деңгейіне жетуге мүмкіндік береді, оның тиімділігіне екі халық нақты көз жеткізеді».

Парламентаралық байланыстарды мемлекетаралық қатынастардың маңызды құрамы екенін айта келіп, мәртебелі мейман «екі елдің Парламенттері арасында парламентаралық үнқатысуды жаңа тарихи межеге биіктете алатын жақсы іргетас салынды», деп атап өтті.

У Бангоның пікірінше, «Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының құқықтық ахуалы мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді достық байланыстарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесетін болады».

Қытайдың ХӨБЖ Тұрақты комитетінің Төрағасы сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар деңгейінде Парламенттердің ынтымақтастығын жақтайтынын айтты.

- «Бұл біздің халықтарымыз арасындағы көп ғасырлық достық идеясын әлемдік аренада ілгерілетуге, оның түпкі мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді толық түсінуге және оларды қолдауға мүмкіндік береді», деп атап өтті ҚХР ХӨБЖ Тұрақты комитетінің төрағасы.

У Банго бүкіл Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады және «Президент Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан алдағы уақытта да бұдан да жарқын және жоғары табыстарға қол жеткізеді», деп сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар