Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібековпен кездесті

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІ жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібековпен кездесті.
None
None

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қатынастарын, оның ішінде парламентаралық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және тату көршісі болып табылады», деді Қ.Мәми және ол біздің еліміз ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі Қырғызстан басшылығының күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Осыған байланысты төраға қазіргі кезде Қазақстан жағы Қырғызстанға көмек беру жөніндегі Мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге кіріскенін, сонымен қатар Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгеніне тоқталды.

Қ.Мәмидің айтуынша, заң шығару органдары арасындағы тұрақты байланыстар екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан парламентшілері ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда.

Осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылда парламенттік байланыстарды одан әрі нығайту, төраға атап өткендей, ортақ стратегиялық мақсаттарға жауап беретін ықпалдастық үдерістерін дамытуда маңызды рөлі бар.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысты Қ.Мәми Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүркПА-ны дамытуға қырғыз жағының үлесі үшін ризашылық білдірді.

«Бауырлас халықтардың Ассамблеясы халықаралық парламенттік ұйымдар арасында ерекше орын алатыны даусыз», деді Сенат Төрағасы және ол «оның табысты жұмысы біздің халықтарымыздың игілігіне арналады» деп сенім артты.

А.Келдібеков сонымен бірге мемлекетаралық қатынастардағы барлық салалар бойынша Қазақстан мен Қырғызстан байланыстарын одан әрі нығайтуды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, парламенттік желі бойынша ынтымақтастық екі елдің жан-жақты қатынастарын тереңдетуге қомақты үлес болады.

Соңғы жаңалықтар