Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті

АНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПА) Астанада өтіп жатқан ІІ жалпы отырысы аясында Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті.
None
None

Қ.Мәми Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуда осы сапардың маңызын атап өте келіп, тарихи тамыры ортақ екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдірді.

Қ.Мәми түркі әлеміндегі экономикалық, саяси және рухани ықпалдастықты тереңдетудегі Қазақстан мен Түркияның маңызды рөлін атап өтті. Биылғы қазан айында Қазақстанда түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің (Түркі Кеңесі) алғашқы Саммитін өткізу жоспарлануда.

- «Біздің еліміз бұл оқиғаға ерекше мән беріп отыр», деп атап өтті Төраға.

Сенат Төрағасы ТүркПА қызметіне жан-жақты қолдау білдіретінін және Қазақстан бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарды жүргізуге әзір екенін айтты. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың келешегі зор екенін атап өтті.

Биылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясы болады. Төраға айтқандай, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту жұмыстарын жалғастырады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалай келіп, біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы жетекші рөлін атап өтті. М.Шахиннің айтуынша, мерзімінен бұрын президент сайлауының қорытындысы Елбасының саясаты Қазақстан халқының басым қолдауына ие екендігін тағы бір көрсетті.

Соңғы жаңалықтар