Сенат Төрағасы Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысын қабылдады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Сергей Степашинді қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы екіжақты байланыстар деңгейіне қанағаттанғандық білдірді.Қ.Тоқаев қаржы бақылау және мониторингі органдарының қызметтерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етудегі Сенаттың заң шығару жұмыстары туралы әңгімеледі.Жүздесу барысында аудиторлық мекемелердің тәжірибе мен ақпарат алмасу, атқарушы және заң шығарушы билік үшін жоғары қаржы бақылау органдарының ұсыныстарын әзірлеу мәселелері талқыланды.Жоғары қаржы бақылау органдары ынтымақтастығының нәтижелі бағыттарының бірі ретінде бірлескен бақылау тексерулерін жүргізу де қарастырылады.Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Төрағаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысуы туралы хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум