19:33, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Сенат Төрағасы РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасарын қабылдады
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Владимир Бабичевті қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Қазақстан-Ресей екіжақты қатынастарын, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.Қ.Тоқаев Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы парламенттік ынтымақтастық тобының өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өте келіп, парламентаралық үнқатысу бауырлас екі халықтың маңызды әрі берік қатынастарының негізі екенін атап өтті.Мемлекетаралық қарым-қатынастардың түрлі салаларындағы келісілген заңнамалық жүйені қамтамасыз ететін бірыңғай құқықтық келісім құру мәселелеріне тоқтала келіп, төраға ұлттық заңнамаларды үйлестіруді және бірдейлестіруді жақтайтынын айтты.
«Заң шығару ісіндегі тәжірие алмасу мен кеңесулер көпқырлы байланыстарды кеңейтуге және Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастық үдерістерді тереңдетуге ықпал етеді», - деді Қ.Тоқаев.Екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы парламентаралық дипломатияның рөлін жоғары бағалай келіп, В.Бабичев қазақстандық депутаттар ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында қызмет ететін топтардың жұмысына белсенді түрде қатысатынын атап өтті.