Сенат Төрағасының орынбасары М. Көпеев Қабарда-Балқар және Қарашай-Черкес делегацияларымен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жиынға осы халық өкілдерінің қатысуының маңыздылығын атап өте келіп М.Көпеев Ассамблеяның біздің мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі роліне тоқталды.
«Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруда азаматтық қоғамның ерекше институты ретінде Ассамблея айрықша орын алады», деді төраға орынбасары.
Оның айтуынша, қоғамдағы түбегейлі жаңғырулардың негізіндегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау Ассамблея іс-қимылының басты бағыты болып табылады.
М.Көпеев сондай-ақ мемлекеттік органдар жүйесіндегі Парламент Сенатының құрылымы мен ролі туралы әңгімеледі.
Заң шығару ісіне қатысты төраға орынбасары еліміздің дағдарыстан кейінгі даму міндеттерін жүзеге асыруға, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік саланы нығайтуға ықпал ететін құқықтық негізді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын айтты.
Делегация басшысы З.Тилов Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерлерінен еріксіз көшірілген кавказдық халықтарға көрсетілген қолдау мен көмекке алғысын білдіріп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық өнегесі туралы, «өз халқына игілік пен өркендеуді тілейтіндердің бәрі үлгі алуы тиіс», деді.