Сенат ҰҚШҰ күштерінің жұмыс істеу тәртібін қарастыратын құжатты қабылдады

Енді құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі. Аталған келісімге мемлекеттер басшылары Мәскеу қаласында 2010 жылғы желтоқсан айында қол қойған болатын.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтың айтуынша, келісім ҰҚШҰ күштері мен құралдарының қалыптастыру тәртібін және жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарын реттейді. Сонымен қатар, келісім БҰҰ Жарғысы бойынша өз міндеттеріне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатаң сәйкестікте әрекет ете отырып, халықаралық құқықтық жалпыға танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-қа мүше мемлекеттер үшін қолайлы және тұрақты жағдайлар жасауға бағытталған. Тараптардың қауіпсіздігі мен егемендігі, аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді де қарастырады. «Коалициялық және өңірлік әскери топтамаларын, біріктірілген әскери жүйелерінің топтамаларын, ұжымдық бітімгершілік күштерін қоса отырып негізгі қағидаттарды қамтиды. Бұл ретте келісімнің мақсаты бір немесе бірнеше Тарапқа қатысты қарулы шабуылға (агрессияға), сондай-ақ басқа да қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге барабар ден қоюды қамтамасыз ететін ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды қабылдау болып табылады», - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Келісімге сәйкес ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің әлемге төнген қауіп-қатерлерді болғызбау және жою, соғыстар мен әскери жанжалдарды оқшаулау, Тараптарға қарсы шабуылдардан бірлесе қорғану секілді жағдайларда - Тараптардың ұлттық және ұжымдық мүдделерін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз етуі арқылы қолайлы бейбіт жағдайларды қамтамасыз ету мақсаты көзделеді.