Сенатор Ә.Ахметов Венадағы дінаралық үнқатысуға арналған «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы,
None
None

ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Әділ Ахметов дін және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы дінаралық үнқатысу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысына қатысады. Шара 2013 жылғы 7 мамыр күні Венада болады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, сенатор Әділ Ахметов «Ұлттық деңгейдегі діни сенім бостандығын ілгерілетудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбы бойынша өтетін екінші сессияға төрағалық етеді.

«Дөңгелек үстелді» ЕҚЫҰ-ның украиналық төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар