Сенатор Ақан Бижанов РФ Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің делегациясымен кездесті

Онда Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастары, оның ішінде өзара парламенттік іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Жыл сайынғы Астана форумына Ресей жағының белсенді қатысып келе жатқанын атап өте келіп, А.Бижанов жаһандық валюта-қаржы жүйесін жетілдіру, ықпалдастық үдерістерін дамыту, аймақаралық ынтымақтастық үшін бұл үнқатысу алаңы маңызды екенін айтты.
Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының басым бағыттарын заңнамалық қамтамасыз етуге қатысты А.Бижанов Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық тобының қызметі туралы хабардар етті.
Сенатор атап өткендей, парламенттік ынтымақтастық топтардың өзара сындарлы іс-қимылы Кеден одағының қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудағы жедел шараларды атқаруға ықпал етеді.
Тараптар стратегиялық ынтымақтастық міндеттерін іске асыру, мемлекетаралық қатынастардың барлық бағыттары бойынша құқықтық-уағдаластық негіздерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру жайында айтты.