Сенатор Қуаныш Сұлтанов Тәуелсіздік сарайында мектеп оқушыларымен кездесті

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін сенатор Қуаныш Сұлтанов елордадағы Тәуелсіздік сарайында мектеп оқушыларымен кездесті.
None
None

Кездесу барысында депутат Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы жөнінде сыр шертті. Депутат қазақ халқының Кеңес Одағы тұсындағы тағдыры мен кеңестік саясаттың қыр-сыры жөнінде де әңгімеледі. Оқушылар осы кездесуде Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып құрыла бастағандағы жағдайы, өтпелі кезең, Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы әлемдегі саясат пен оның елімізге ықпалы, елдегі ішкі саяси жағдай жөніндегі мол мағлұматтардан қанықты. Сенатор сонымен қатар еліміздің мемлекет болып құрылуы жолында тер төккен қайраткер азаматтар туралы олардың еңбектері мен қол жеткізген жетістіктері жөнінде терең әңгіме қозғады. Депутат бүгінгі тәуелсіздіктің елімізге оңайшылықпен келе салмағандығын, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған бұл бақытқа Н.Назарбаевтай көреген басшының арқасында қол жеткізу мүмкін болғандығын атап көрсетті. Сонымен қатар кездесуде шекара мәселесі онымен байланысты сол уақытта туындаған қиындықтар мен олардың шешу жолында жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде айтылды. Бұдан бөлек бүгінгі замандағы игіліктер мен оларға қатысты қоғам арасында туындап отырған түрлі пікірлер жөнінде әңгіме өрбіді.

«Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады. Қазақ халқы мен осы ұлттардың арасында бүгінде тату-тәтті қатынас берік орныққан. Біздің берекесі мен бірлігі жарасқан бейбіт мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі де осы ішкі тұрақтылық. Бұл бізге оңайлықпен келе салған игілік емес. Сондықтан оны қадір тұтып қастерлеуіміз керек. Сондай-ақ бүгінгі жастар Тәуелсіз еліміздің тарихынан жақсы хабардар болуы керек. Олар кез-келген мәселе өзінің көзқарас, пікірін білдіре алатын сауатты азамат болулары керек. Жастар бүгінгі жетістіктерімізді қадірлей, бағалай білулері керек»,-деді Қ.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар