Сенатор Ж.Ерғалиев: Еліміздің ДСҰ-ға кіруі қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің ДСҰ-ға мүшелікке өтуі қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев өзінің пікірін білдіріп отыр.
None
None

Оның айтуынша, бұл күндері Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қабылдануы әлем назарын аудартып отыр. Осы орайда, ақмолалық кәсіпкерлерді көбінесе оған мүше болған біздің елдің тауар өндірушілерінің мүмкіндіктері шектеліп қалмай ма деген мәселе көбірек толғандырып отырған жайы бар. «Елбасы біздің бәрімізді әлемдік нарықтағы және жалпы бүгінгі өркениет талаптарына сай боларлықтай кез-келген бәсекеге қабілетті болуымызды біраздан бері айтып келген болатын, - деді сенатор. - Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдануымен құттықтау сөзінде енді біздің еліміздің алдынан әлемдік нарықтың жаңа мүмкіндіктері ашылатыны туралы, қазақстандықтар әр өнімнің сапасы жағынан әлемдік бәсекеге толық қабілетті болуына күш салуы қажеттігін айтқан болатын. Міне, осы міндеттің үдесінен шыға білсек, қазақстандықтар үшін ДСҰ-ның зор мүмкіндіктері ашылады». Парламент сессиясында 113 заң қабылданды. Бұл заңдардың барлығы Елбасының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік жүйені басқару, агроөнеркәсіп саласының өнімділігін арттыру, кәсіпкерлерге барынша жағдай жасау сияқты маңызды салаларды қамтиды. Сенаттың тікелей ұйымдастыруымен Астанада әлем діндері лидерлерінің 5-ші съезі болып өтті. ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып Сенат халықаралық сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен конференциялар да өткізді. «Біздің алдымызда жауапты да күрделі міндеттер тұр. Елбасының 100 нақты қадамынан туындайтын міндеттер аясында халықтық бес реформаны жүзеге асыру сол міндеттердің маңыздысы болып саналады. Ал бұл реформалар ел мен халық мүддесіне қызмет ететін болады. Сол мақсатқа жету үшін елдегі бірлік пен ұлтаралық келісімді сақтау аса маңызды», - деп түйді сөзін Ж.Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум