Сенатор Жетісай қаласының санитарлық экологиялық мәселесін шешуді сұрайды

АСТАНА.  18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қуаныш Айтаханов Үкімет басшысының атына сауал жолдады.
None
None

«Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 350 мыңға жуық халқы бар Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдар ішінде аудан орталығы Жетісай қаласында бірнеше әлеуметтік, мәдени объектілер, демалыс орындары салынып қаланың көркі күннен күнге ажарлана түсуде. Бұл жағдай қала халқының тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен тұрғындар санының өсуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы шитті мақта өндірудің еліміздегі негізгі аймағы болғандықтан, кәсіпкерлер тарапынан Жетісай қаласында шитті мақтаны терең өңдейтін жаңа кәсіпорындар салу жоспарлануда. Қозапаядан жылдық қуаты 50 мың текшеметр құрылыс плиталарын (ДСП) шығару зауыты жыл соңына дейін іске қосылмақ. Алайда, осы уақытқа дейін 50 мыңнан астам халқы бар Жетісай қаласында кәріздік жүйелердің болмауы, аталған кәсіпорындардың салынуына және толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасап, қаланың санитарлық-экологиялық мәселелерін шешуде көптеген қиыншылықтар тудыруда»,   дейді сенатор.

Осыған орай, мәселені шешу мақсатында жергілікті бюджет есебінен «Жетісай қаласына кәріз жүйелерін және имараттарын қайта құру» жұмыс  жобасы бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жоба бойынша нысанның жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласының кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуге 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлдіруге ықпал етуіңізді сұраймын»,   деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар