20:00, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Сенатордың ҚарМТУ оқытушыларымен және студенттерімен кездесуінде «Нұр Отан» ХДП съезінде Елбасы алға қойған міндеттер талқыланды
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттер активімен кездесуі өтті.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жоғары оқу орнының баспаөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде сөйлеген сөзінде алға қойған экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттер талқыланды. Бұл орайда ғылым мен білімнің рөлі маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ сенатордың бейнедәрісі жазылып алынды. «Университетте Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қызметіне арналған бейнедәрістер циклын құру жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты ? Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың үлгісімен студент жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу», - деп атап өтті оқу орнының баспасөз қызметінде. Ғылыми кеңестің шешімімен Ғ.Есімге Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры атағы берілді.