Сенаторлар Ақмола облысының Қорғалжын ауылында көшпелі отырыс өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Талқылауды ашқан комитеттің төрағасы Евгений Аман осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту туралы, еліміздегі өсімдік және жануарлар әлеміндегі табиғи алуандылықты, бірегей және сирек ландшафты сақтау жолындағы мүдделі орталық және жергілікті атқару органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жақсаруға бағытталған шараларды құқықтық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі ресурстарын пайдалануды басқару жүйесін жетілдірудің негізі шаралары, табиғи флора мен фаунаны сақтау және тұрақты дамытуға бағытталған халықаралық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы әңгімеледі.
Талқылау барысында осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Көшпелі отырыс аясында депутаттар Қорғалжын қорығында, жергілікті автоматты ауа-райын бақылау стансысында болды.