Сенаторлар аймақтардағы инновациялық өндірістермен танысты
Облыс әкімі мен қала активімен кездесуде сенатор Шығыс Қазақстан облысындағы тасқынға қарсы шаралар мен су саласындағы құрылыстардың жағдайы талқыланды. С.Плотников облыстағы ахуалды, түгелдей қарағанда, күрделі деп санайтынын жеткізді. Жекелеген аймақтарда алты жылдық қар мөлшері түскен, көптеген өзендерде бір метрге дейін мұз қатқан. Су тасқыны жағдайында басты өзендердің жағдайы қиындап кетуі ықтимал.
Сондай-ақ, депутат қаладағы өндірістің негізін құраушы «Қазцинк» кен-байыту фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі өндіріс барысымен танысып, «Востокмашзауыт» акционерлік қоғамындағы жаңа шойын құю цехында болды.
Ал сенатор Елеусін Сағындықов Ақтөбе облысындағы Қобда, Ойыл және Алға аудандарында болды. Аймақ тұрғындарымен, атап айтқанда Ш.Берсиев атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде, облыстық сот және «Ақтеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі кездесулерде депутат сайлаушыларға Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтты. Еңбеккерлермен жүздесу барысында Е.Сағындықов әлеуметтік жаңғырту және экономиканы индустрияландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, зейнетақы жүйесін жаңғыртуды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.